Bugin
Фото: Видео скрині
Әлеуметтік желіде Жапониядағы жер сілкінісінің жантүршігерлік видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Оқиға зілзаланың эпицентрі болған Исикава префектурасында болған. Бұл туралы Жапониядағы сайттар хабарлады.
Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияның орталығындағы жағалауларда магнитудасы 7,6 жер сілкінісі болған. Жапон шкаласы бойынша зілзала 7 балл деп бағаланған.
Жер сілкінісінен соң мыңдаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жаққа қашқан. Ел билігі халыққа жер сілкінісі тағы қайталануы мүмкін деп ескертті.
Жер дүмпуі Хонсю аралы мен Токиода да сезілген.
Қазір Исикава префектурасында мыңға жуық құтқарушы қираған үйлердің астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Апаттан соң үйінді астында көптеген адам қалғаны хабарланған. Ел билігі қазір барынша тез қимылдап, үйінді астында қалғандарды құтқаруға тырысып жатыр.