Bugin

Жантүршігерлік өлім: Түркістанда екі баланың денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысында жұмбақ жағдайда екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазір балаларды өлтірген күдікті іздеуде.

Түркістан облыстық Полиция Департаментінің айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір өлім себебін анықтау үшін балалардың денелері сараптамаға жіберіліпті.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қаза болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Түркістан облыстық Полиция Департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Полицияның ақпаратынша, әйел өз құрбысына хабарласып, балалардың көз жұмғанын және олардың қайда екенін айтыпты.

Ал қазір тұрғындар арасында үлкен пікір -талас басталған. Құзырлы орган жалған ақпарат таратпауды сұрайды.