Bugin
Фото: tass
Грузияда сел жүріп, бірнеше адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Interpressnews агенттігіне сілтеп.
Басылымның мәліметінше тағы бір адам іздестірілу үстінде.
Грузиялық құтқарушылар Нергети ауылында көшкін кезінде қаза тапқандардың мәйітін шығарумен айналысып жатыр.
Сәрсенбіге қараған түні Нергети ауылында көшкін жүргенде құтқарушылар бір адамды аман алып қалды, үш адамның мәйіті шығарылы. Алты адам із-түзсіз жоғалған деп танылғаннан кейін бес мәйіт оқиға орнынан табылды.
Грузияда ауа райының қолайсыздығына байланысты қалааралық пойыздар қатынасы тоқтады.