Bugin
Фото: Алматы қаласы ТЖД
Алматыда суық сумен қамтамасыз ету құбыры жарылып, бірнеше тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Екі тұрғын үйге зақым келгені анықталды.
Апат орын алғанда үйде 2 ересек адам, екі бала болған.
"Оқиға орнына "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасы, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды", - дейді ТЖМ өкілдері.
Дәрігерлерге ауыр жағдайда түскен азаматтар жоқ.
"Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс жасауда", - делінген ТЖМ хабарында.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып, өз еріктерімен достары мен туыстарын паналауға кеткен.