Bugin
Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы
Түркістандық жұбайлар бір-біріне ата-салтты ұстанып, әмеңгерлікпен қосылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеп.
Отағасы Жеңіс Сейдехановтың інісі қайтыс болып, артында екі баласы мен келіншегінің қалғанын айтады. Себебі оның туған інісі бірнеше жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған. Ал артында екі мұрагері қалған.
Жеңіс Сейдехановтың айтуынша, келіні Самал інісіне адал болып, қырық күндік асынан кейін ғана төркініне кеткен.
"Анам інімнің екі баласын уайымдап жүрді. Өзіміздің тарихымызда, қанымызда бар дүние екенін білетінмін. Анама кеілініме әмеңгерлік жолмен қосылуды ұсындым. Мен өз басым біреудің айтқанымен жүрмеймін.Өзгенің сөзіне ермеймін. Тек өз жоспарым бар. Әйелімді "жаным" деп еркелетемін. Бастысы бауырларымды жетімсіреткім келмеді. Сол үшін үйлендім", - дейді Жеңіс.
Балаларды сағынан әжесі оларды көруге асыққан. "Әмеңгерлікпен келінге қосылуымның себебі - балалар болды" деген азамат келінімен бас қосып, көңіл жарастырған. Ал қайын ағасына қосылған келіншек басында қарсы болғанын айтады.
"Басында қарсы болдым. Өзімнің марқұм әкем де қарсы болды, бірақ анам үгіттеп, ақылын айтып, рұқсатымды бердім, - деді ол.
Қазір ерлі-зайыптылар бақытты екенін айтады. Олар үш баланы тәрбиелеп отыр.