Bugin
Фото: Massaget.kz
Алматыдаға лай көшкінінен соң 4 адам іздестіріліп жатыр еді. Енді бір адамның денесі табылды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметке сүйенсек, табылған дене ер адамға тиеслі. Енді әйел адам мен екі баланың денесі іздестіріліп жатыр. Еркебұлан Оразалин қазір тазарту, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігі денесі табылған марқұмның 2007 жылы туған жасөспірім екенін хабарлады.