Bugin
Фото: depositphotos.com
Миллиардер және Чилидің бұрынғы президенті Себастьян Пиньера тікұшақ апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі lanacion.com.ar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның реформалары экономикалық өсуді арттыруға көмектесіп, 19 миллион халқы бар елді өркендетті.
Чилидің бұрынғы президенті Себастьян Пинера тікұшағы Лос-Риостың оңтүстігіндегі Ранко көліне құлап, қаза тапты.
Тікұшақтың бортында төрт адам болған: Пинераның өзі және оның туыстары. Апаттан кейін жолаушылар жағаға шыға алды, бірақ тікұшақты басқарған бұрынғы президент қауіпсіздік белдігін аша алмай, суға батып кетті. Құтқарушылар оның денесін шамамен 40 метр тереңдіктен тапты.
Оқиғаның себебі әлі белгісіз. Тікұшақтың ұшып шыққаннан кейін бірнеше минут өткен соң құлағаны атап өтілді. Ол кезде жаңбыр жауып тұрған деген дерек бар.
Чили президенті Габриэль Борич елде үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.