Bugin

"Наркотик сатты деп қаматамыз": жыныстық құлдықта болған қыздар жан сырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Үндістанда секс-жұмыс істеуге мәжбүр болған екі өзбек әйелі өздері көрген қорлық, қорқыту және зорлық-зомбылық туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC Hindi-ге сілтеме жасап хабарлайды.

"Олар мен бұл жұмыстан бас тартқанда, аяусыз соққыға жықты. Түнгі жұмысқа жекті",-деп кейіпкер мұңын шаққан.

Жыл сайын 100-ден аса әйел өз елінен тысқары жерде жыныстық құлдыққа сатылады. Орталық Азия елдерінен Непал арқылы Үндістанға көптеген әйелдер тасмалданады.

Өзбекстандық Тахмина да солардың бірі.

"Менеджер мені ұрып-соғып, "сені наркотик сатқан етіп көрсетіп түрмеге тоғытамын де қорқытты",-деп көрген қорлығының шет-жағасын ғана айтты.

Адам саудагерлері жәбірленушілерді ұрғанын видеоға түсіріп алатын болған. Өзбекстандық бойжеткен Афроза:

"Мені Делиде тағы 5 қыз орналасқан пәтерге жайғастырды. Жоқ дегеніме қарамай, мені азаптап мәжбүрледі",-деп қалай құрбан болғанын есаке алды.

Қазір адам саудасымен айналысқандар құрықталды. Құрбандар үйіне оралу үшін барын салып жатыр.

 Дели полициясы Орталық Азия елдеріндегі кедей отбасылардан шыққан жас әйелдерді Дубайда жұмысқа орналастырамыз деп азғырған екі күдіктіні Гоада  ұсталған. Қыздар миграция төлемдерін төлей алмай, Үндістан шекарасынан шыға алмай отыр.