Bugin
Фото: Бағдарламадан скриншот
Танымал айтыскер ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов "Хабарlike” бағдарламасында рэп оқыды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Ринатқа Аман Тасыған рэп оқуды ұсынды. Ақын жымиып, концертінде де осындай қызық дүниелер болатынын айтып, келісім берді.
“Не өтпейді, не өтпейді адам басынан,
Деген ойым жоқ еді ғой “Хабарға шығам”.
Қоймай қойды жоқ жерден рэп оқы деп
Атақты жүргізуші Аман Тасыған
Қане, кім бар, қане, кім бар
Кейде осылай сөйлеп кетер әдетім бар!
Қандай қоғам құрдық,
Қандай жерге кірдік
Неге мойын бұрдық
Қайда барсаң, ұрлық,
Қайда барсаң сұмдық
Сұрағаның осы болса,
Мә сендерге шындық!
Бес атарда алты оқ,
Насыбайым шақшамда.
Менің күшім – шындығымда,
Ал сенікі – ақшаңда.
Қара тілді кесе алмайсың,
Кәлла басты шапсаң да,
Жерге құлап жатсам да,
Қол созамын аспанға”,-деп Ринат көпті таңдандырды.
Оқиғаны мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.