БІЛІМ
Фото: fonoteka.top
Дмитрий Иванович Менделеев - Менделеев кестесін жасаған энциклопедист-ғалым, физикалық химик, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. Ол 1834 жылы 8 ақпанда Ресейдің Тобольск қаласында туған. Бүгін оның дүниеге келгеніне 190 жыл толды.
Bugin.kz порталы Дмитрий Менделеев туралы қызық деректер ұсынады:
- Дмитрий үйінің кенжесі, яғни,17-ші бала. Бауырларының арасында тек сегізі кәмелеттік жасқа толып, басқалары өмірден өткен.
- Менделеев музыканы сүйіп тыңдаған. Достары оны Бетховеннің “Леонора” операсының увертюрасын үнемі әндеткен соң, “Леонора” деп атап кеткен. Композитор Бородинге жазған бір хатының соңын әзілдеп: “Қош бол, Леонора!” - деп аяқтаған.
- Ол тек химия ғылымымен айналысып қана қоймай, көп саяхаттаған. Ғалым саяхат арқылы әртүрлі елдің мәдениетін зерттеген. 1865 жылы 9 ай бойы Германия, Франция, Англия, Италия, Испанияда елдерінде саяхаттаған. 1876 жылы АҚШ-та, 1882 жылы Жапонияда болған. Саяхат кезінде оқу орындарын аралап, танымал ғалымдарман кездесіп, ғылыми пікірталастарға қатысқан. Мұндай саяхаттар Менделеевке тек әріптестермен тәжірибе алмасуына емес, сонымен қатар ғылыми зерттеу жасауына шабыт берген.
- Менделеевтің Фиозва Лещёва мен Анна Ивановна есімді 2 әйелі болған.
- Дмитрий Иванович ғылыми жұмыстармен ғана емес, қоғамдық істермен де айналысқан. Көптеген қоғам қайраткері әйелдердің білім алуына қарсы болған кезде Менделеев әйелдердің жоғары курстарында дәріс оқыды.
- 1880 жылдан бастап картиналардан коллекция жинай бастайды. Коллекциясында көбінесе орыс суретшілердің жұмыстары болған. Осыған байланысты 1894 жылы Өнер Академиясының толық мүшесі болып сайланды.
- Атақты химик дизайнерлік талғамға ие болған, сондай-ақ киім тігуге икемді болған деседі.
- Ең қызығы, оның картоннан жасалған чемодандары клиенттердің сұранысына ие болған. Қартайған шағында көзі көрмей қалса да, бұл хоббимен айналысуын тоқтатпаған.
- Қазақстанда Менделеев кестесіндегі 118 элементтің 99-ы табылған.
Дереккөз: adme.kz
Материал авторы: Бану Әбдіғалиева