Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Pixabay
Түркістан облысында жоғалған екі азамат табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам жоғалып кеткен. Олар Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды",-делінген хабарламада.
Ауа райының нашарлауынан іздеу жұмыстары да қиындаған.
ТЖД тұрғындарға қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертеді. Дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болу керегін айтады.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61