Bugin

"Бірдеңе түсіндіңіздер ме?": бірнеше вице-министр Аймағамбетовтен қатаң сөгіс алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Егемен Қазақстан" сайты

Бүгін әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов комитет отырысында бірнеше вице-министрді сынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәжіліс комитетінің отырысында әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Нақты мәселе көтеріп, дұрыс есеп бере алмаған бірнеше вице-министрге Аймағамбетов ескерту жасады.

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың есебінен соң төраға оны қатаң сынады.

"Бірдеңе түсіндіңіздер ме, әріптестер? 32 деді, 72 деді. Ол қайсы ішіндегі, қандай тәуекелдер, қандай мәселе? 5 минут сөйледіңіз. Регламенттен аспай сөйлегеніңізге рақмет. Бірақ бір проблеманы ашыпа көрсете алмадыңыз. Бір проблеманың шешімін де көрсете алмадыңыз. Жалпылама сөз. Бір мәселені, шыны керек, түсінген жоқпыз. Заң жобасының ішінде, былай қарағанда, тікелей сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша соншалықты нормалар көріп отырған жоқпыз. Барлық мәселені жаңағы заң жобасы шешетіндей болып көрсету отырсыз. Бірақ оның ішінде ештеңе жоқ. Оның ішінде басқа мәселелер қамтылып отыр. Сондықтан дайындалыңыз. Нақты бір проблемаларды ашып көрсетпейсіздер ме?" - деді Аймағамбетов.

Одан кейін сөз алған Еңбек және халықты қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов та Асхат Аймағамбетовтен сөгіс алды.

"Мүгедектік беру бойынша нақты проблема бар ма? Оны қалай шешіп жатырсыз? Зейнетке шығу мәселесі бойынша да мәселе бар ма? Жоқ болса, жоқ деп айтыңыз. Сол сияқты бірнеше үлкен мәселеге тоқталып, не істеп жатырсыздар, соны айтсаңыздар болды ғой", - деді депутат