Bugin

“Дикий Арманның адамдары”: Алматы мен Шымкентте қылмыстық топ анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com 

Елімізде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шеңберінде іздеуде жүрген қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде қаңтар оқиғасына қатысушылар ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ішкі істер министрлігі өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталғанын хабарлады. 

"7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады",- делінген хабарламада.