Bugin

Боранда баласымен бірге адасып кеткен әйелдің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com 

Құтқарушылар Ақтоғай ауданында боранда баласымен бірге адасып кеткен әйелді тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

Ақтоғай ауданының Айыртас ауылында 7 ақпанда күндізгі сағат екі шамасында баласы бар әйел боран кезінде үйден шығып, қайтып оралмаған.

"Құтқарушылар жоғалған адамдарды 7 ақпанда түнгі сағат 00:46-да туыстарына хабарласқаннан кейін іздеуге кіріскен. 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған бала Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 км жерде сағат 8:50-де табылды", - делінген хабарламада.

Құтқарылғандар Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.