Bugin

“Балаң өліп қалсын”: Жүргізушіге дауыс көтерген әйел өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісіне дауыс көтеріп, оның жеке басына тіл тигізген әйел оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Syr Podcast YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Келіншек жүргізушінің өзі бірінші шамына тигенін айтты.

"Оқиға Шымкент қаласында болды. Күнделік алдыртып жатыр едім. Сатушы қыздар бізге өзіңіз такси шақыртыңызшы деді. Олар берген адресті жаздым. Ол жігіт барып алған затты. Оларға үндемеген. Маған келіп көрсетілген ақшаға қосымша тағы сұрады. Ол жігіт бәрін басында айтуы керек еді. Ол мені боқтады. Содан ашуға булықтым", -деді Гүлжанар Бақытжанқызы. 


Келіншек өзіне орынсыз сөз жазғандарға ренжулі. 

"Жүкті болғаныма тиісті. "Түсіп қалсын. Балаң өліп қалсын" деп жазғандар болды. Олар әйел кісілер еді, үлкен адамдар",-деді келіншек.