Bugin

“Елде қиналмай жүрсін”: Журналист шетелдегі қазақ балаларына қатысты тың ақпарат айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының жүргізушісі Жанар Байсеміз жақсы жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жанар Байсеміз әлеуметтік желіде оқырмандарынан сүйінші сұрады. Ол елімізге шетелдіктер асырап алған қазақ балалары келетінін айтты.

"Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі, стипендия алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Сұлтан құлшынып отыр. Сабина да келуі мүмкін. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр",- деді журналист.