Bugin
Фото: kabarlar_news
Ресейде жол апатынан Қырғызстандық екі азамат қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Құтқарушылар қаза болған екі жігіттің денесін Жалал-Абад облысының Созақ ауданына алып келді.
"Қаза болғандар Қызылту ауылының жігіттері. Марқұм жігіттер көп жылдан бері Ресейде жұмыс жасайды. Бірі 30 жастағы жігіт. 1 баласы бар. Екіншісі енді туылады.
Ал қаза болған тағы бір жігіт 29 жаста. 2 баласы бар. Ол да Ресейде жұмыс істейтін. Көлікте 25 жастағы жігіт болған. Ол тірі. Бірақ жағдайы өте нашар", - дейді ауыл тұрғыны.