Bugin

“1 күнде 7 екпе салған”: Дәрігер жалған диагнозбен 2 жасар баланы өлтіріп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Алматыдағы емханалардың бірінде дәрігердің қойған диагнозынан 2 жасар бала қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап. 
2 жасар баланың ата-анасы баласының кеш дамығанына шағымданып, Алматыдағы "Қонжық" орталығының мамандарына жүгінген. Олар бас дәрігерге кіру үшін 200 мың теңге берген. Орталықтың басшысы баланы өзі қараған, диагнозын қойып, бір күнге 7 екпе салуды тапсырған. Алайда бағдарламаға келген дәрігерлер диагноздың дұрыс қойылмағандығын айтты.

"Заңға қайшы әрекет жасаған. Бір балаға 10 диагноз қою мүмкін емес. 22 дәрі берген. Ол дұрыс емес. Қазір жастардың бәрі жарнамаға қызығады. Көбі білмегендіктен алданып қалады",- дейді балалар хирургі Рамиль Өтемісұлы. 

Емханада 4 күн ем алған баланың жағдайы нашарлаған. Ол бір ай ес-түссіз жатып, қаза болды. 
Ата-анасының айтуынша, баланың денесі түгел уланып кеткен. Жүрегі ғана соғып тұрған. 
Қаза болған нәрестенің ата-анасы айыптылардың сот алдында жауап беруін қалайды. 
"Көреміз" тілшілерінің арнайы зерттеуі бойынша, "Қонжық" емханасының бас дәрігері жарнамаларында өтірік айтқаны белгілі болды.