Bugin

Қазақстанда орташа жалақы көлемі өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: fishki.net

Елімізде орташа жалақы көлемі 400 мыңға жуық екені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, жалақы 5,3%-ға артқан. 

Енді елімізде атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы IV тоқсанда 393 605 теңгені құрайды. 

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7%, ақпарат және байланыс – 23,2%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8%, салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 18,6%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,2% құрады, - делінген мәліметте.