Bugin
Фото: Бейнеден кадр
Түркістанда газ жарылып, салдарынан екі тұрғын күйік жарақатын алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Апатты жағдай Түркістан облысы Төле би ауданының орталығы Ленгер қаласында болды.
Үлкен азық-түлік дүкенінде газ жарылған, ғимараттың қабырғалары құлапты. Зардап шеккендер бар. Оның бірі - 59 жастағы тұрғын. Оның бетін 10-12 пайызға күйік шалса, екінші зардап шегуші 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген.
Жарылыстың бейнесінде ғимараттың құлап, қирағанын анық байқауға болады.