Bugin
Фото: Жанар Байсеміз парақшасынан
Шетелдегі қазақ балаларының тағдырына алаңдаған журналист Жанар Байсеміз жаңа ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол "Abay live" арнасына берген сұхбатында қазақ балаларын асырап алу үшін заңсыз түрде ақша талап еткендердің болғанын айтады.
Мен негізі бұл апқаратты айтпаймын деп ойлап едім. Себебі шетелге кеткен балалар бәрін өз тілдеріне аударып көріп жүр. Бір Америкалық ата-ананың өз аузынан естідім, Біздің жақта олардан заңсыз ақша талап еткен. Заңды жарна жоқ. Жеке адамдар өз қалтасына ақша алған. Менің ойымша бұл мәселе әйтеуір бір күні қайта жарыққа шығады. Сол кезде тексерулер жүргізіледі деп ойлаймын. Бірақ қазіргідей дүниемен бірдеңе табу мүмкін емес. Себебі құжаттар бойынша барлығы дұрыс. Тіпті сол кездегі Білім және ғылым министрлігі айтты ғой "ауру балалар кетіп жатыр" деп. Бірақ ондайлар кеткен жоқ. Неліктен? Себебі олардың денсаулық парақшаларына түрлі ауруларды жәй жазып қояды", - деді журналист Жанар Байсеміз.