Bugin

Мектепте ішімдікке тәуелді күзетші жұмыс істеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gb5kirov.ru

Көкшетауда ішімдікке тәуелді қызметкерлер жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қалалық Полиция департаментіне сілтеп.

Тексеріс барысында мектеп күзетшілерінің «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.

Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды, - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген..