Bugin

Желіде анасына қазақ тілін үйреткен оқушы қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әлеуметтік желіде анасына қазақ тілін үйреткен қыздың видеосы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Видео Tiktok әлеуметтік желісінде жарияланған.

"Сәлем, Қазақ елі. Бірінші сыныпта демалыс басталды, бірақ мен жай отырмаймын. Мен анашыма ана тілінен сабақ беремін", – дейді оқушы қыз. 

Видеода кішкентай қыз анасына сабақ үйретіп, жақсы оқыса бес деген баға алатынын айтады. 

Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары қыздың қазақша таза сөйлегеніне ерекше алғыс білдірді.