Bugin

“Жәнібектің 3 жасқа дейінгі суреттері ғана бар”: Қымбат Досжан тағы бір тың ақпаратты бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Қымбат Досжан Жәнібекті осы уақытқа дейін іздемеген адамдарға шүйлікті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сұрауы бар Youtube арнасына сілтеме жасап. 

Журналист Қымбат Досжан Жәнібекке іздеу салмағандарға ашулы. Ол ендігі кезекте министрліктер хат жолдап қана қоймай, әрі қарай не істеу керегін айтса дейді. 

"Заң бойынша ата-ана баланы асырап алғаннан кейін 3 жасына дейін жылына 2 рет, 18 жасына дейін жылына 1 рет есеп беріп, хат жолдауы керек. Ал Жәнібектің есебі ретінде 4 рет қана хат келген. "Мына Жәнібектің есебі қайда" деп іздеген адам болмаған. "Осы бала қайда екен" деп іздеген министрлік не елшілік болмаған. Неге біз Жәнібектің 3 жасқа дейінгі суреттерін көреміз",- деді журналист.