Bugin
Фото: ашық дереккөз
Түркістанда екі баласын өлтірген әйелдің ата-ана және оқушылармен қарым-қатынасы бірқалыпты болған көрінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов балаларын өлтірді деген күдікті тәрбиеші емес, мұғалім болып жұмыс істегенін айтты.
"Түркістанда болған балалар өліміне қатысты күдікті деп танылған әйел Шиелі ауданындағы білім беру ұйымында 2014 жылдан бері мұғалім қызметін атқарып келген. Оқиға болған 7 ақпан күні мектеп әкімшілігіне ескертпестен жұмысқа бармаған. Мектеп әкімшілігі ол азаматшаның ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысуы, жайлы мінезімен ерекшеленгенін айтады. Сондай-ақ педагогикалық қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке жеткен. Тиісті алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестерінің айтуынша, мінезінде ешқандай ауытқу болмаған. Қандай да бір диспансерлік есепте тұрмайды. Өзі толыққанды отбасы, ата-енесі, жұбайымен бірге тұрған. Қазір ішкі істер органдарында бұл бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қорытындысы тергеу амалдарынан кейін белгілі болады",- деді басқарма басшысы.