Bugin
Фото: depositphotos.com
Жігіттің қылмысы туралы жәбірленуші Human Rights Lawyers қорының басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваға шағымданған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі заңгерге сілтеме жасап хабарлайды.
Ләззат Рақышева оқиға туралы:
"Армияға кететін күні 18 жастағы жігіт жүріп жүрген қызының сіңілісін, 12 жастағы қызды зорлап кетеді. Телефон,әлеуметік желісін бәрін өшіріп, таныс қыздарын блоктап тастайды.
Өзі әскери борышын өтеуге кетеді!
Ол жігіт қазір 20 жаста ,армиядан келе салып тағы бір мектепте оқитын оқушы қызбен жүріп жүр. Содан мына зорланған қыз ол қызды тауып алады да ,бәрін айтып береді зорлағанын! Ол қыз шошып жігітті тастап кетеді. Енді бұл жігіт қайтадан өзі зорлаған қызға "мен әскерден келдім ,екі жыл ешкіммен жатпадым, мен біреумен жатуым керек, сен бәрібір қыз емессің ,сен квартираға келе ғой дейді!
"Бәрі бір сен енді қыз емессің ,егер келсең мен саған үйленемін " деген. Қыз келіспей "мені сені сотаттамын ,мені зорлаған үшін " деген.
Жігіт айтқан : "сен маған Түркістанға кел, пәктігінді 30 мың тенгеге тіктіртіп беремін "деген",-деп сұмдық жайтты жазды.