Bugin
Фото: depositphotos.com
АҚШ медициналық қызметтерінің жылнамаларында шынайы, ғажайыптың үлгісі ретінде сақталған оқиға туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Джин Гиллиардтың көлігі ерекше қарлы және суық қыста апатқа ұшырайды. Қылмыскер оқиға орнынан қашып кетеді. Джинның көлігі оталмай қалады. Ал сыртта қатты суық болды. 20 жасар Джин бір-екі шақырым жерде тұратын досының үйіне баруға бел буады. Бірақ ол өзінің мүмкіндігін асыра бағалаған екен. Көп ұзамай оның күші сарқылып, қар үйіндісіне құлап, қатып қалады. Ол 6 сағат бойы қақаған аязда қардың астында қалады. Бір қызығы, іздеу тобы оны байқайды. Джинді ауруханаға жеткізген кезде оның ешқандай тіршілік белгісі байқалмайды. Денесі мұздай әрі қатты болады. Қабақтары қатып, терісінің қаттылығы сонша, дәрігерлер оны инемен тесе алмайды. Дене қызуы анықталмаған, тамыр соғысы пальпацияланбаған, тынысы жоқ. Алайда дәрігерлер науқасты жылытуға тырысуды ұйғарды. Барлығын таң қалдырғаны, бұл сәтті болды. Бірнеше күннен кейін ол өздігінен жүре алады, ал бір айдан кейін ол ауруханадан шығарылды. Гипотермия ұзақ мерзімді әсер етпеді. Дәрігерлер бұл жағдайды әлі күнге дейін ғажайып деп санайды.