Bugin

"Сақалды әже": Түркістан облысында ерекше әже жұртты таңдандырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Евразия арнасының сюжетінен скриншот

Түркістан облысының тұрғыны Мұхтабар Тұрбатта тұрады. Оны барлығы құрметтеп, сыйлайды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Замана" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, қалың сақалына ұстара тигізіп көрмеген қария шөберелі болып, қуанышы еселенген. Бүгінде 70 жастан асқан әже өзі туралы түрлі қауесет тараса да еш қамықпастан, бақытты күн кешуде.

Шетелдік БАҚ қазақстандық сақалды әйелді терроршы деп ақпарат таратып жіберген еді. Мұхтабар әже сұмдық жаңалықты бала-шағасынан естіп, жағасын ұстапты. Қария тіпті өзіне қара күйе жаққандарлы сотқа беруден де бас тартыпты. Барлығының жазасын бір Аллаға тапсырдым депті өзі.

Сақалды әже елімізде 2018 жылы түрлі БАҚ арқылы танылған еді.