Bugin
Фото: freepik.com
Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде жонор тапшылығы бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол қызметіне кірісе салысымен бірінші кезекте трансплантология мәселесіне назар аударатынын айтты.
Министр бұл мәселені Сенат мінберінде бұған дейін де бірнеше мәрте көтергенін айтады.
Сонымен қатар медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейтуді қолға алмақ. Бұл бағыт неғұрлым күшті болса, аурушаңдық пен өлім-жітім азаятынын айтты.
"Мәйіттік донорлық қарастырылған Қазақстанда. Заң қабылдағанда халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған жүйе. Бұл жүйені дұрыс жолға қою үшін қайта тарифтерді көтеруіміз керек. Бірнеше сатыдан тұратын жұмыс болады деп ойлаймын. Бұл жерде халықтың келісімін алмай, ол үшін халық та, қоғам да оған дайын болуы керек", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.