Bugin
Фото: pexels.com
Балиде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Автокөлік жүргізушілері өз көліктерін танымал такси қызметтерінің түстеріне бояп, туристерді алдайтын болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Индонезия аралының билігі мұндай жүргізушілермен сапарға шығу туристер үшін қауіпті екенін ескертті. Ел билігі, әсіресе, Балиге жалғыз демалуға келген әйелдерге сақ болуды ескертті.
Олар туристерге Gojek және Grab тәрізді танымал, әрі сенімді такси қызметтерінің қосымшаларын пайдалануға кеңес берді.
Сонымен қатар ел билігі алдағы президент сайлауына байланысты саяхатшыларға туристер көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің жоғары қаупі туралы ескертті. Президент сайлауы 14 ақпанға жоспарланған.
"Мұқият болыңыз. Танымал туристік аймақтар террористік актілер алаңына айналуы мүмкін", - делінген ескертуде.