Bugin

“Дикий Арман” мен Қайрат Құдайбергеннің қайда екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Дикий Арман" деген атпен танымал криминал жетекшісі Арман Жұмагелдиев пен Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің қазір қайда екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Комитеттің жауабында айтылғандай, Қ.Құдайбергеннің қайда отырғаны туралы ақпарат Ішкі істер министрлігінің құзырында.

"Арман Жұмагелдиевке қатысты, оның Алматы қаласындағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында жалпы негізде, тиісті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтай отырып, қамауда отырғанын хабарлаймыз. Оған қатысты істі Бас прокуратураның жетекшілігімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеп жатыр", - делінген ҰҚК хабарламасында.