БІЛІМ
Фото: ашық дереккөз
Бүгін – америкалық кәсіпкер әрі өнертапқыш Томас Эдисонның туған күні. Bugin.kz тілшісі белгілі ғалым туралы қызық деректерді ұсынады.
Томас Эдисон 1847 жылы 11 ақпанда Огайо штатының Милан қаласында дүниеге келген. Ол кинокамераны және электр шамының алғашқы нұсқасын ойлап тапқан. Өмірінің 65 жылын ғылымға арнағанының арқасында бүгінде оны білмейтін жан кем де кем.
Electrical World and Engineer атты электротехникалық бағытта шығарылатын журнал техника саласының майталманын анықтау мақсатында 227 электротехниктің арасында сауалнама жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған өнертапқыш Томас Эдисон жеңіп шығады.
Ғалым туралы қызық деректерге назар аударайық.
1. Томас Эдисонның балалық шағы қиындықтарға толы болды. Кедей отбасында өскен ол ешкімге жалтақтамай, жастайынан өз нанын өзі табуды үйренеді. Мектепте ұстаздары оны санасы таяз, ақпаратты тым ұзақ қабылдайтын оқушы ретінде таныса, анасы оған сеніп, үйден оқытуды ұйғарған. Анасының арқасында бала білімге құштар, іздемпаз болып өседі.
2. Томас небәрі 12 жасында теміржолда жұмыс істеп, жолаушыларға газет пен кәмпит сатты.
3. Томас Эдисонның ең танымал өнертабысының бірі – электр шамы. Оның электрмен жүргізген көптеген тәжірибесінің арқасында бірінші коммерциялық электр шамы пайда болды.
4. Эдисон фонографты, дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналған құрылғыны ойлап тапты.
5. 1890 жылы Томас Эдисон General Electriс компаниясын құрды. Аталмыш компания әлемдегі ең ірі және табысты электр компанияларының біріне айналды. Кәсіпорын электр энергиясын өндіруге және таратуға арналған генераторлар, турбиналар, трансформаторлар және басқа да жабдықтарды өндіруде көшбасшыға айналды. GE жел және күн қондырғылары сияқты баламалы энергия көздерін белсенді түрде дамытумен айналысқан.
6. Бүгінде Нью-Джерси штатының Батыс Оранж қаласындағы Томас Эдисонның зертханасы туристер мен ғалымдар қызыға тамашалайтын мұражайға айналды.
7. Эдисон ғылыми жұмысымен қатар табысты кәсіпкер және филантроп еді.
Томас Эдисон 1931 жылы қазанда өмірден өтті.