Bugin

Талдықорған перзентханасында екі келіншек көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.сom

Талдықорған перзентханасында екі келіншек қаза болды. Марқұмдардың туыстары шағым айтып, бүгін перинаталдық орталықтың алдына жиналды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы арнасына сілтеме жасап.

Қаза болған келіншектің бірі төртінші баласын босанбақшы болған. Марқұмның туыстарының сөзінше, Сәния Серікбайқызы ауырмаған. Бірақ көпбалалы ана атанамын деп отырған әйелдің жағдайы аяқ астынан ауруханада нашарлап кетеді.

"Перзентханаға қызым өз аяғымен келді. Қызыма ешкім қарамаған, көмек көрсетілмеген. Өзі келген қызымды, табытпен алып шықтым",- деді марқұмның анасы Майра Байымбетова.

Ал 30 қаңтарда босануға келген Алакөл ауданының тұрғыны да көз жұмды. Өлімге нақты нендей себеп болғанын дәрігерлер ашып айтпаған.