Bugin

Жолаушы ұшақтың есігін ашып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Канадалық турист Thai Airways рейсінің есігін ашып, ұшуға кедергі келтірген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі dailymail.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Ұшақ Чианг Май әуежайынан  Бангкокқа көтерілуге ​​дайындалып жатқан. Бортта болған Facebook қолданушысы Ананя Тиангтае:

“Ұшақтағылардың бәрі хаоста болды. Егер біз теңіз деңгейінен 30 000 фут биіктікте болсақ ше? Не болар еді?”, - деп жазады.

Есікті ашқан турист қаммауға алынды. Бұл ұшақ тағы әрекеттің салдарынан өзге 10 ұшақтың ұшу уақыты ауысқан.