Weekend

11 сәуір кинопремьералары

Бұл аптада қандай кино көруге болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Осы апта Хеллбой туралы жаңа блокбастермен, Әсел Сәдуақасованың кезекті комедиясымен, Роберт Паттинсон түскен артхауспен және басқа да жаңалықтармен ерекшеленеді.

«Хеллбой» / «Hellboy»

Жас шектеуі: 18+

Гильермо дель Торо осыған дейін шығарған дилогияны назарға алмаңыз. Бұл «жын сүйген баланың» жаңа оқиғасы, франшизаның жаңғыртылуы. Жаңа фильмде басты кейіпкерді Дэвид Харбор ойнайды.

Фильм комикс негізінде жасалғанына қарамастан, жоба ересек көрермендерге арналған. Сюжетте Хеллбой орта ғасырлардан бері келе жатқан Қанды патшайымға қарсы шығу үшін Англияға аттанады. Басты зұлымды Милла Йовович ойнайды.

«Зайырлы қоғам» / «Высшее общество» / «High Life»

Жас шектеуі: 18+

Роберт Паттинсон мен Жюльет Бинош түскен Ұлыбритания, Франция, Германия, Польша бірігіп түсірген фантастикалық драма.

Сюжетте алыстағы ғарышта қара құрдым құбылысын зерттеуге аттанған ғарыш кемесінің экипаждары туралы баяндалады. Кемедегілердің негізгі құрамы – өлім жазасына кесілгендер. Сондықтан олардың Жерге оралуына жол жоқ, түрлі эксперимент нысанына айналады.

«Семьянин»

Жас шектеуі: 12+

Әсел Сәдуақасованың жаңа продюсерлік жұмысы. Фильмді осыған дейін актерлігімен танылған Фархат Көлбаев түсірді.

Фильмде басында бірнеше кредиті бар Мұхтар есімді таксист туралы айтылады. Онсыз да жағдайы мәз емес болып жүргенде қызы тұрмыс құратынын мәлімдейді. Осылай күйзеліп жүрген сәтінде оған өмірін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туады. Алайда ол үшін отбасынан бас тартуға тура келеді.

Фильмде басты рөлді Әбунасыр Серіков ойнайды.

«Эдмон» / «Сирано. Успеть до премьеры» / «Edmond»

Жас шектеуі: 16+

Француз ақыны, драматург Эдмон Ростанға арналған тарихи картина.

Фильмнің оқиғасы 1897 жылы Парижде болады. Эдмон Ростан жас болғанына қарамастан екі баланың әкесі. Оған отбасын асырау керек, алайда соңғы екі жылдан бері мардымды ештеңе жаза алмай жүр. Бастығына өлеңмен жазылған пьеса әкеліп беруге уәде етеді. Тіпті пьесаның премьерасы да жарияланып қояды. Бірақ шығарма әлі жазылмаған да еді. Ростон белгіленген мерзімде қайтсе де үлгеруі керек.

Бұлардан бөлек «Бірінші жарқыл» (Сверхъестественное / First Light) деген канадалық фантастикалық триллер, «Ащы тәтті қышқыл» (Вкус любви / Aci Tatli Eksi) атты түрік мелодрамасы және ресейлік «Домовой» отбасылық фэнтезиі шығады.