Bugin

"Анасын табуды нәсіп ет": Нұрлан имам америкалықтар асырап алған қазақ қызына бата берді (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Нұрлан имам АҚШ-тағы сапарында Чикаго қаласындағы қазақтармен кездесті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

1999 жылы Алматы қаласында бір оқиға болған. Сол оқиғаныңң ізі бүгінгі күнге жетіп отыр»,-деп сһз бастаған Нұрлан имам.

Ол шетелдіктер асырап алған, анасын іздеп жүрген Әнелге:

"Я, Раббым Алла, Әнел қарындасымыздың жүрегіне тыныштық бер! Әкеге, анаға, туысқа деген махаббаты жүрегіне өзің салғансың. Әнелге туыстарын табуды нәсіп ет. Я, Раббым Алла, осы қарындасымыз өзінің дүниеге келтірген анасын тауып, соның құшағын, соның мейірімін көруді нәсіп ет. Осы қызымның келешегі бақытты болсын",-деді ол.

Оқиғаны осы сілтемеден көре аласыздар.