Bugin
Фото: Bugin.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның еңбек нарығына талдау жасады , деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Министрлік іздеу жүйесіндеге бос жұмыс орындарының негізінде талдау жасаған.
"Жұмыс берушілер "Big data бойынша маман" (орта есеппен 1,3 млн теңгеден), "бизнес-процестерді оңтайландыру бөлімінің басшысы (1,2 млн теңгеден)" мамандығына "өндірістік операциялар жөніндегі инженер" (1,2 млн. теңгеден) мамандықтарына ең жоғары жалақы ұсынады.
Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны өндірістік база басшыларына (900 мың теңгеден), инженер-конструкторларға (800 мың теңгеден) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден) ұсынады, - деп атап өтті Еңбек министрлігі.