Bugin
Фото: видеодан скриншот
Уәде бағдарламасына ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қонаққа келді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
Жүргізуші неліктен мемлекеттік органда 1 жұмысшыға 4 басшы екенін сұрады:
"Біз 70 пайыз орындаушы, 30 пайыз жұмысшы етіп бұл статистиканы азайтып жатырмыз қайта. Біздің агенттік 6 айда 1 салаға бюрократиядан тазарту мақсатында талдау және мониторинг жүргіземіз. Біз соны жасап отырған кезде Ауыл шарушылығы министрлгі және экология министрлігінде осындай факторлар шықты. Бір департаментте 3 басшы, 2 орындаушы екен. Біз ол департаментті қалдырғыларыңыз келсе, тек 1 басшы қалдырыңыздар деп айттық. Біз талдау анықтаған ақпараттар бойынша ұсыныс жібереміз. Басшының жалақысы жоғары",-деді кейіпкер.