Bugin

"Маған бұл ойды қабылдаудың өзі қиын": Бельгиялық қазақ баласы тосын жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы инстаграм парақшасында жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Сәлем достар, мен Қазақстанға, туған жерге барғаннан кейін Қазақстандық медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Маған бұл ойды қабылдау қиын. Өйткені мені емес басқа баланы асырап алу керек еді. Мен жақын арада биологиялық анамды табамын деп үміттенемін",  деді ол. 

Сондай-ақ, ол анасының табылатынын шын жүрегімен сезетінін айтты.

"Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін. Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді", деді ол.