Bugin

“Қазақ атынан айырылады”: Желіде бойжеткеннің сөзі қызу талқыға түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әлеуметтік желіде бойжеткен қазақ есімдерінің жойылып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз. 
Ол әр елдің адамдары өздеріне тән есімдерді қоятынын айтты. Ал қазақ елінің есімдері шет елдерден еніп, тарихи атаулардың жойылып бара жатқанына күйінді.

"Бір есімді естісең кім екенін біліп отырасың. Есімдерін айтса, қай ұлт екені бірден білінеді. Ал біздің есімдер айтылғанда не дәстүр, не түр, не тарих еске келмейді. Біз өзіміздің "ң, ө, ү" деген әріптерден бас тартып жатырмыз",- деді бойжеткен.

Желі қолданушылары қыздың видеосына оң көзқарас танытты. Жас сәбиге өзге елдің есімдерін емес, өз ұлтымызға тән есімдерді қою керегін айтты.