Bugin

"Арқалықтан алғашқы фото": Бельгиялық Жәнібек бала кездегі суретін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желіде өзінің кішкентай кездегі суретін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін. Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді", деді ол. 

Ол өзінің суретінің кішігірім тарихымен де бөлісті.

"Бейнебаяндағы суретім 2003-2004 жылдары түсірілген болса керек, бұл Арқалық қаласынан түскен алғашқы суретім. Бұл сурет менің асырап алуға байланысты ресми құжаттарда қолданылған", деп қорытты жзабасын.