Bugin
Фото: ашық дереккөз
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевты ақтап шығуға бағытталған әрекеттер жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.Kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша соталды немесе сот барысында сотталушыны ақтау мақсатында фактілерді әдейі бұрмалауға әрекет жасалатыны туралы ақпарат бар. Кейбір адамдар осы медиа науқанға кірісіп кеткен, – деп жазды Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.