Bugin

СІМ: Шетелдіктер асырап алған балалар Қазақстан азаматтығын таңдамады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: 100-raskrasok.ru

Шетелдіктер асырап алған қазақ балалары Қазақстан азаматтығын таңдамаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сыртқы істер министрлігі Kazinform сауалына жауап берген.

Министрліктің сөзінше, бірнеше жыл бұрын шетел азаматтары асырап алған қазақ балаларының ешқайсысы Қазақстан азаматтығын алмаған.

Өкінішке қарай, кәмелет жасына толғандардың барлығы шетел азаматтығын алуда. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтығының пайдасына шетел азаматтығынан бас тарту жағдайлары тіркелмегеніне назар аудару қажет», - деп жазылған министрлік хатында.

Дегенмен, ата-жұртынан алыстаған балаларға тарихты насихаттап, үйрету мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Министрліктің жауабынша осы тұста шетелдегі қазақ балаларына қатысты жаңа бастаманы жүзеге аспақ.