Bugin

Қызылордада егде жастағы қария жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қызылорда қалалық Полиция басқармасы

Қызылордада 72 жастағы қария табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қалалық полиция басқармасы қарияға іздеу салды. 

Қызылорда қаласының 72 жастағы тұрғыны Жидебаев Сәбитхан Әбішұлы 11 ақпан күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Құзырлы орган ер адамға іздеу жариялаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70 см, арық денелі. Киген киімі: көк түсті ақ сызықтары бар кеудеше, сұр түсті трико. Азамат жүйке аурумен ауруханасында есепте тұрады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық Полиция басқармасының хабарламасында.