Bugin
Фото: www.aetv.com
Қызылордалық жасөспірім белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Полиция басқармасына сілтеп.
12 ақпан күні түсте медициналық амбулаторияға жасөспірімнің денесі жеткізілген. Құзырлы орган істі бақылауға алды.
"Тергеу басталып, қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.
Жасөспірім 2008 жылғы екені анықталды.