Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Жалақы мәселесі көптеген елдерде мұңға айналған. Жұмыс өнімді әрі нәтижелі болса да, кей мемлекеттерде айлық мөлшері төмен. Алайда еңбекақы мөлшері Люксембург тұрғындарын алаңдатпайды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Люксембург - Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Ол жақтың халқы сағат сайын кем дегенде 11.50$ (5132 теңге) табады.
Қазақстанда орташа жұмыс уақыты аптасына 38 сағатты құраса, Люксембургта 29-30 сағат. Ал жылдық орташа табыс 67,637 еуроны құрайды. Бұл теңгеге шаққанда 32 миллион теңгеден асады.
Ал еліміздегі ең жоғары жалақы алатын өңірлер қатарында көп бастап тұрған - Атырау облысы. Өңірдегі қызметкерлер орташа есеппен 620 мың теңге көлемінде алатыны анықталған.
Әсет Ерғалиевтің сөзінше, жоғары жалақы алатын өңірлер қатарында Маңғыстау облысы да бар.
Еске сала кетейік, Қазақстанда орташа айлық мөлшері 393 605 теңге болды. Дегенмен елімізде 451,6 мың қазақстандық - жұмыссыз.