Bugin

"Пара алған": Танымал айтыскер ақын қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

 Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тың дерек анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі департаментке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысы Әнуар Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол  мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінді.

Агенттік таратқан мәліметте:

"Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", -делінген. 

 Әнуар Омаров елге айтыскер ақын болып танылған. Ол кейіннен мемлекеттік қызметке ауысқан.