Bugin

2024 жылдың алғашқы "Bugin Х" жобасы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

7 ақпанда "Bugin Holding" компаниясының қызметкерлері арасында "Bugin X" жобасы өтті деп, хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл - биылғы алғашқы "Bugin X". Кездесуде бірнеше спикер сөз сөйлеп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Компанияның өткен айда жеткен жетістіктеріне талдау жасап, алдағы айқын мақсаттар туралы айтылды. 

Алғашқы спикер - "Bugin Holding" компаниясының атқарушы директоры Мақсат Батырқұл.

"Қаңтар айында Bugin.kz сайты қазақстандық сайттардың ішінде ТОП 10-дыққа кіріп, визит саны 1.7 млн, күнделікті қолданушы саны 15 мыңнан асты. Kazakhstan Growth forum ұйымдастырған Kazakhstan technology саммитінде Daryn Online – The best IT-Project атағын жеңіп алды. Қаңтар айында Айбек Қуатбай мен Асқар Мақсат Лондонда өткен әлемнің Білім саласындағы шешімдерінің көрмесіне,  дәстүрлі "bett show"-ға қатысып қайтты", деп Мақсат мырза компанияның жетістіктеріне тоқталды. 

Атқарушы директор сондай-ақ "Product&InHouse" жетістіктері туралы да айтты.

"Product&InHouse бойынша:  Клиенттің жеке кабинетіндегі барлық беттерге редизайн жасалды; ҰБТ комбо курсын сатып алған оқушыларды продуктпен таныстыруға, жеке қызығушылықтарын анықтауға арналған "Кіріспе" курсы платформаға шықты; ⁠ҰБТ 24 байқау тестінің орыс тіліндегі 2 нұсқасы шықты. ҰБТ 24 байқау тестінің орыс тіліндегі 3 нұсқасы шықты, қазақ тілінде нұсқа саны 15 -ке жетті. Ақпан айында қазақ тіліндегі жаңа 19 нұсқа қосу жоспарда бар", деді спикер.

"BuginX"-те бүгін арнайы қонақ. "Болашақ" бағдарламасының түлегі, КИМЭП университетінің профессоры, қаржыгер, инвестиция саласы бойынша эксперт – Дана Молдақұлова. Дана ханым қаржы саласындағы жаңалықтармен бөлісті. Кез келген қызметкер үшін қаржылық сауат маңызды екенін атап өтті.

"InHouse" командасынан, Backend әзірлеуші Жан Батыр және "Daryn Marketing" проект менеджері Мырзабек Қуатбай спикер ретінде сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Маркетинг командасының проект-менеджері Мырзабек Қуатбай Американың Лос-Анджелес қаласындағы "Нью-Йорк фильм академиясында" 10 күндік оқу-тәжірибе жұмыстарын сәтті аяқтады. Мырзабек Қазақстандағы ТОП-20 мобилографтар қатарына кіріп, бұл оқуды жеңіп алған болатын.

Кездесу қорытындысы: Компания қызметкерлерінің арасындағы құрмет пен ынтымақты арттыру мақсатында әр жұма "АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ" болып жарияланады.