Bugin

Қызылордада оқушының мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Жасөспірімдер арасындағы төбелес оқушының өліміне себеп болуы мүмкін. Қаза болған бала 2008 жылы дүниеге келген,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

12 ақпан 15:00 кезінде Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.

Оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді. 

"Аталған жарияланым бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада. 

Оқиғаның мектеп қабырғасында болмағанын  айтылды.

"Қолда бар ақпарат бойынша, оқиға мектептен тыс жерде болған. Жасөспірім үйіне келе жатып көз жұмды. Ол құлап, басының артқы жағын жерге қатты соққан. Оқушы төбелестің салдарынан қайтыс болды ма, жоқ па, әзірге айта алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті баспасөз қызметі.