Bugin

"Артында төрт баласы қалды": "ҚазАвтоЖол" жұмысшысы қызмет кезінде қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚазАвтоЖол

10 ақпанда республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тас жолында "ҚазАвтоЖол" компаниясының жұмысшысы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы бүгін, 13 ақпанда "ҚазАвтоЖол" Telegram-арнасында хабарлады.

"2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14:00 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 1285-ші шақырымында жантүршігерлік оқиға орын алды. Оқиға салдарынан (тұрған көлікпен соқтығыс) Қызылорда ҚБ бас маманы "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ облыстық филиалы Сыдықов Сақтапберген Бақытжанұлы өзінің тікелей міндетін атқару кезінде қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Оқиға Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы Сазды ауылы учаскесінде болған. Қозғалыс қайта жанданғаннан кейін Toyota Alphard көлігі компания қызметкері тұрған жерде тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан. Салдарынан қайғылы оқиға орын алды.

"Соқтығыс салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда алты жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жұбайы қалды", – деді "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық компания марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және барлық қажетті материалдық қолдау көрсетедій, - делеінген хабарлмада.